Өлеңдер ✍️

  31.08.2021
  283


Автор: Медеу Демеу

Өлең жаздым өзіңе

Жан сергіткен өзіңсің,тау самалым,
Жетерлігін, білмеймін қашанға әлім?
Өлең жазып өзіңе барам әлі-ақ,
Қарсы алмасың, белгісіз,қарсы аларың.

Күттің кеше, бәлкім сен бірсікүні,
Менсіз өткен мезі етіп тіршілігің.
Терезесін ашайын көңілімнің,
Шуақ болып жаныма кірші,күнім.

Дедім бе екен, кімге енді ақтарылам,
Сені іздедім қаланың бақтарынан.
Күнде күтіп, күнім-ау, жанарымды,
Өзің келер Оңтүстік жаққа бұрам.

Болғаннан соң қуаныш,сезім де кем,
Мұңды күйдің пернесін безілдетем.
Бақытым да, бағым да, байлығым да,
Біле білсең тек сенің өзіңде екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу