Өлеңдер ✍️

  31.08.2021
  124


Автор: Медеу Демеу

Ынтық жүрек

Білемін, сүйем, әйтеуір, құлап-талып,
Дүниенің барлығы жырақ қалып.
Сені мен түсіне алмай жүрмін,
Көргенім жоқ алдында сыр ақтарып.

Сені аңсаймын көзімнен жас ағыла,
Көбейді ғой бұл күнде уайым-қайғы.
Сыр ашпаймын еш жанға,сенсең егер,
Біреу сенің орныңды басады ма?

Сезім қолдан ешқашан жасалмайды,
Ол саған да, маған да қашанда әйгі.
Неге екенін білмеймін, саған деген,
Ынтық жүрек аптығын баса алмайды.

Неге болса да тек сені сүйіп кетем,
Сенің даусың қол жетпес биікке тең.
Жүрегіммен, жаныммен сені мәңгі,
Қол жетпейтін шынардай биіктетем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу