Өлеңдер ✍️

  31.08.2021
  137


Автор: Медеу Демеу

Жоғалтып алғандаймын бірдемені

Телефоны құрғыры үндемеді,
Қуантатын шырылдап күнде мені.
Жұмысым да өнбейді осы күні,
Жоғалтып алғандаймын бірдемені.

Үндемеді, әйтеуір, үндемеді.
Ұмытып кетті ме екен, мүлде мені?
Сәтті күндер біртіндеп сарғыш тартып,
Ұлғаюда көңілдің мұң желегі.

Тағдыр ма бұл, тұрақсыз, ойнамалы,
Үміттімін бір болар тойдан әлі.
Бір сарынды жырлардан жалықты ма,
Әлде, мүмкін, шынымен ойламады.

Көңілді боп жүрмейді жанның бәрі,
Қуанышты бар тағы, бар мұңдары.
Тілерім тек тыныштық болғай да бұл,
Бұрқап соғар дауылдың алдындағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу