Өлеңдер ✍️

  31.08.2021
  131


Автор: Медеу Демеу

Өзің бе, әсем...

Жаның да әсем, жаным-ау, әнің де әсем,
Жырларымның жүресің бәрінде сен.
Дауысың мен өзіңді күтем күнде,
Шын сүймесем егер де сағынбас ем.

Сағынбас ем, мен сені сағынбас ем,
Даусың сенің мен үшін лағыл да әсем.
Өзің үшін өлімге барамын мен,
Тастасаң да толқынды ағынға сел.

Өзің салған сол әннің ырғағыннан,
Ой-санамды ойнақы жырға бұрам.
Жүрегім де, жырым да сен боласың,
Құласам да қайғы-мұң шыңдарынан.

Өзім бе едің, әлде сен сөзім бе едің,
Бір сені ойлап қанша күн көз ілмедім.
Жабырқаған жаныма жазын сыйлар,
Бақытым да, бағым да өзің бе едің?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу