Өлеңдер ✍️

  31.08.2021
  91


Автор: Медеу Демеу

Өкінбен енді

Өкінбен енді, о, менің көктем жылдарым,
Шақырсаң барман қолыңды қанша бұлғағын.
Есіңде сақтап,еске алып жүрсең жетеді,
Өзіңе жазған ақынның өлең-жырларын.

Өкінбен енді, сырласым болған көп түндер,
Жастыққа мас боп жауқазын от күндер.
Айлы түн қанша демеушім өзің болғанмен,
Алыстап сенен мүлдем кетті іргем.

Өкінбен енді, толқыған тентек көк теңіз,
Өзіңде қалсын елес боп біздер өткенбіз.
Жарқыным, менің жанымды түсінбеген соң,
Біз-дағы содан суынып әбден кеткенбіз.

Өкінбен енді, өкініп, жаным, болған мен,
Түсінер кім бар халіңді ғашық болғанмен.
Қош енді, қош бол, жолдасым болған өткен шақ,
Қош енді, қош бол, бір кезгі әйбат бақ-арман.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу