Аңыздар ✍️

  31.08.2021
  122


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Шыңырау (VІІІ нұсқа)

Бір торғай өзінің екі жұмыртқасына иен далада қалған бір жұмыртқаны әкеліп қосады. Үш жұмыртқаны бірдей басып, уақыты жеткенде үш балапан шығарады. Әлгі тауып әкелген жұмыртқадан сүрепеті өз балапанынан бір басқа балапан шығады.


Торғай «Қызылшақа ғой, біраз есейсін байқайық» деп аялдай-аялдай жүріп, бір жолы жем іздеп кетіп оралса, бір балапанының ақ үрпек жүні дода болып жатқанын көреді. Бақса, әлгі бөтен балапанының аузы қан екен. Бірақ бұған тағы сенбей, тағы бір жолы келсе, екінші балапанын да додасын шығарып жеп алып отырған екен. Онымен тынбай өзіне тап беріпті.


Сөйтсе, ол қаршығаның балапаны екен. Сонда торғайдың екі балапанынан айырылғанына, өзінің қас жауын, өзі бағып жетілдіргеніне өкініп опық жеп зарлаған «Шыңырау» деген күй болған дейді аңыздардың бірі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу