31.08.2021
  188


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Шіркін, айт күнде бола берсе-ші

Бір ашаршылық жылы Қожа бір ауылға келеді. «Ішкен мас, жеген тоқ» дегендей-ақ, мұнда ас-су көл-көсір, Қожа да қарық болып қалады. Пай-пай, бұ неткен молшылық, біздің жақта жұрт аштан қырылып жатыр, — деп Қожа таң қалады.


Сонда біреу:


— Немене, өзің жындымысың? Айт екенін білмеуші ме ең? Бүгін айттың құрметіне деп жұрт қолда барын ортаға салып отыр. Сондықтан да молшылық, — дейді.


Сонда Қожа сәл ойланып қап, іле-шала:


— Қап, айт күн сайын бола берсеші! Сонда мұсылмандар аштық дегеннің не екенін білмес еді, — депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу