Аңыздар ✍️

  31.08.2021
  114


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Шалқайма

Ресей отарлаушыларының қысымына шыдамаған Қожеке қоныс аударуға мәжбүр болады. Қарқарада отырғанда ауыл-дастарын шақырып алып:


— Қотаныңнан шыққаның — отаныңнан шыққаның емес. Іленің арғы жағы да біздің бабаларымыздың ата қонысы. Соған көшелік. Қытайдың көзі қысық болғанымен, өзі пысық, сөзге  түсінеді, — дегенде, бірсыпыра ағайын келіспей, шалқая тыңдап, теріс пікір білдіреді.


Сонда Қожеке жаңа бір күй тартады.


Тыңдап болғанның бірі:


— Көке, бұл қай күйіңіз? — дейді.


— «Еңкейгенге еңкей, ол — адамның құлы емес, шалқайғанға шалқай — ол Құдайдың ұлы емес», күйдің аты «Шалқайма» — депті.


Сонда барып біраз ағайын Қожекенің сөзіне тоқтаған екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу