30.08.2021
  161


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Түйеге кектену

Бір күні Қожанасыр қаладан кетпекші болады. Оның түйесі бар еді. «Түйеге мініп саяхат жасаған жақсы ғой» деп ойланды ол.


Қожа бір керуенге іліседі. Жол-жөнекей бір мінген түйесі кенеттен сүрініп кетеді де, Қожа ұшып түседі және түйенің астында қалады. Шырылдаған Қожаның айқайына керуеншілер жүгіріп келеді де, Қожаны демеп тұрғызады. Есін жия салысымен Қожа бажылдап:


— Мұсылмандар, көрдіңдер ме мына түйенің не істегенін! Маған байлап беріңдерші өзін бір жазалап, кегімді алайын! — дейді.


— Құдайдан қорықсаңшы, Қожа! — дейді оған керуеншілер.


— Хайуанаттан кек алуға бола ма екен?


— Қап, неге олай? — дейді Қожа қапаланып, — адамнан кек алуға болады, ал түйе хайуаннан кек алуға болмайды, а?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу