Аңыздар ✍️

  30.08.2021
  171


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Терезеден-есіктен

Құрманғазы үркіт түрмесінде біраз жатып қалады. Бұрын әлденеше рет қашып кеткені жазулы болғаннан ба, күйшіні мұнда тіпті қатты ұстайды. Басқасын былай қойғанда оның не істеп отырғаны үнемі аңдулы болады. Терезеден де, есіктен де сығалап қарап, мінез-құлқының бәрі қарауылшылардың алақанында болады. Құрманғазы күзетшінің біреуі әкеліп берген ескі домбырасын икемдеп алып, тағы күй шертеді.
Өзін күндіз-түні терезеден-есіктен аңдыған адамдардың мінезіне арнап «Терезеден-есіктен» деген күй шығарады. Құрманғазының домбыра тартысы тұтқындарға ұнайды, бәрі жабылып түрме бастығымен сөйлесіп, Құрманғазының домбыра тартуына рұқсат алады. Осының бәріне жәрдемдескен Сергей деген орыс досы болады. Ол Құрманғазының өмірбаянын сұрап, күйшінің шатпақтап айтқанымен шет жағасын болса да түсінеді. Сергейдің іштартқаны бірден Құрманғазыға сезіледі. Сол күннен бастап Құрманғазы Сергейден сырын жасырмайды. Бір күні батылы жетіп, Сергейге өзінің қашуды ойлап жүргенін айтып, одан ақыл сұрайды. Даладан жұмыс істеп кешеуілдеп қайтып келе жатқанда серігі Құрманғазыны есебін тауып кейін қашырып жібереді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу