Аңыздар ✍️

  30.08.2021
  152


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Телқоңыр (ІІІ нұсқа)

Бежең төменгі Алтайдың «Кешім қызыл үйеңкі» деген жерінде найман-керейдің бітім дауына қатысады. Жиын топ тарқамастан бұрын «бәйбішеңіз ауыр науқастанып қалды» деген хабар жетеді. Күн кешкірген шақ болса керек. Бір бардам адамның телқоңыр деген атын мініп қатты жүріп, Буыршын өзенінің жағасындағы Шыбар тал деген жердегі үйіне түнделетіп жетеді. Әйелінің ауру беталысы оңалған соң, қайта жиынға барады. Телқоңырдың осы сапардағы алымды жүрісі, жолының жақсылығы Бежеңе әсер жасап, «Телқоңыр» күйін тудырады.


Екінші бір аңыз дерек былай айтылады: Бежең алғашқы атқа міну сапарын жылқы қостарында бастаған. Өзіне қарасты жылқыдағы қоңыр биеден ылғи жақсы ат туады екен. Қоңыр бие құлындаған жылдардың бірінде бір қоңыр құлын туады. Енді бір биеден тағы да бір қоңыр құлын туылса да, құлыны өліп қалады. Сонымен Бежеңнің қоңыр биесінен туған қоңыр құлын өз енесі мен құлыны өлген биені қатар емеді. Келесі
жылы өз енесі қысыр қалып, қоңыр құлын тайынан құнанына дейін арда емеді. Бежең осы қоңыр құнанды жастай өсіріп, бас үйретіп, жуасыған соң, өз мінісіне алады. Осы қоңыр ат жарысса, озатын, қуса, жететін, неше түрлі әсем жүрісті, сурет тұлғалы ерекше жылқы болады. Телқоңырына ерекше разы болған Бежең «Телқоңыр» деген күйін арнайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу