Аңыздар ✍️

  30.08.2021
  196


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Тәжінің Бозайғыры

Бекмырзаның Тәжісі жылқылы бай екен. Желісінен құлын, кермесінен тұлпар, қысы-жазы сабасынан қымыз арылмайтын көрінеді. Сол жылқылардың төлбасы Бозайғыр екен.


Өзі бай, өзі жомарт, саятшы, құсбегі, мәрт, елге істеген жақсылығы көп, мектеп, медресе аштырған парасатты Тәжі бір күні Сыбанқұлды арнайы ат жіберіп алдыртады. Неше күн күй тартқызып, сый-сияпат көрсетеді. Замандасының көңілін тапқан Сыбанқұлды ауыл адамдары бірінен соң бірі шақыртып қонақ етеді. Тәжі қасына ертіп аң, құс аулауға апарады. Аңшылықта жүріп те Сыбанқұлға неше түрлі сиқырлы күй
тартқызады.


Сондай көңілді бір сәттерде Тәжі:


— Сыбанқұл, сенің атыңды күй шығарады, ал менің атымды не шығарады? — дейді.

Сонда Сыбанқұл:


— Сенің атыңды мың жылқының басы Бозайғыр шығарады, — депті. Шындығында, мойнына құрық салдырмай өткен Бозайғырдан мың құлын тарайды. Кәртайғанда алжып, үйірі нен айырылып, көрінген жылқы сай-сайға қуалап тастаса, ашынған Бозайғыр айдалада тұрып азынайды екен.


Соны көрген Сыбанқұл Тәжінің алдында тұрып күй тартады.


— Мұның атын аташы, — дейді Тәжі.


— Бұл — «Тәжінің Бозайғыры», — депті Сыбанқұл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу