30.08.2021
  203


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Тапқыр кемпір

Баяғыда бір кемпір болыпты. Ол жасаулы үйде жалғыз тұрады екен. Ұрылар жалғыз кемпірдің жиһазына қызығып күнде аңдып келіп, тыныштық бермепті.



Бір күні ымырт жабылса, қараңғы үйде кемпір қаннен-қаперсіз тегенедегі көжесін сапырып ішіп отырады. Осы кезде сырттан тасыр-тұсыр дыбыс білінеді. Жабықтан сығаласа ұрылар үйді қоршап алыпты. Санаса сегіз екен.


Сонда кемпір дауыстап келініне айтқан болып, былай дейді:


— Сапырып-сапырып Сабырбайға бер,
Өзің ішіп, маған бер.
Төрдегі төртеуге,
Есіктегі екеуге де бер...


Сөйтіп кемпір ұрыларға жалғыз еместігін, үйде тоғыз жан бар екенін білдіреді. Бірақ тас жүрек ұрылар одан да сескене қоймапты.


Сонда кемпір қаттырақ дауыстап:
— Сиыр келді матайық,
Ұйқы келді жатайық.
Ұрылар сегіз, біз тоғыз
Ал, ұрыларды атайық!.. —


деп легенді қаңғырлатқанда, ұрылар қаша жөнеліпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу