30.08.2021
  131


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Тамыр жайып, көктейтін түрім жоқ

Бақша ішінде жатқан жеміс ағашының сағақтарын көріп, Қожа бақшашылардан:


— Мұны қайтесіңдер? — деп сұрайды.


— Сағақтарды егеміз, ертең басына тәтті жүзім өсіп шыға- ды, — дейді олар. Қожа сәл ойланып тұрып, бақшашыларға:


— Шырақтарым, мені де егіңдерші, басыма қандай жеміс өсіп шығар екен, — деп өтінеді. Аналар Қожаның өтінішін орындап, белшесінен келтіріп, жерге көміп тұрғызып қояды да, өздері бір ағаштың түбіне барып, тамақтана бастайды. Көктем кезі болса керек, Қожа қатты тоңады, әрі қарны ашады. Мың күшеніп, өлдім-талдым дегенде, Қожа әрең босанып шығып, бақшашылардың қасына келеді.


— Қожа, неге тұра тұрмадың?


Сонда Қожа:


— Жігіттер, шынын айтсам, ол арада тұрып мен тамыр жайып, көктейтін түрім жоқ, сонсоң шығып кеттім, — депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу