30.08.2021
  190


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Сенің нең кетті?

Бір кісі қайтыс болып, алыстағы ағайын, жекжаттары үздік-создық келіп жатса керек. Кенет сырттан тағы біреу «көкешім-Құрымбай айтыпты... ай!» деп үйге ентелей еніпті. Сөйтсе, ол бұл үйге бәлендей жақын емес, жама күйеу болса керек, көрмей қалғанына өкінгендей көп жылапты. Ол Құран қылған соң «көкешім-ай, көкешім» деп жылауын қайта жалғастырыпты. Төрде отырған қарт:


— Сабыр ет, қарағым, сабыр ет... Шүкіршілік ізін басар, отбасына иелік етер ұл-қыздары бар... — деп басу айтыпты. Бірақ күйеу бала жылауын тоқтатпапты. Төрдегі қарт «ағузубилласын» үшінші қайтара бастағанда өксігін әзер басыпты.


Алайда, Құран сүресі бітіп, жұрт бетін енді сипай бере күйеу бала дарылдақ та жағымсыз даусымен «көкетайлап» қайта «шырқай» жөнеліпті дейді. Сол сәт тағаты таусылып отырған Құрымбай:


— Әй, бәтшағар, доғар енді! Е, он мың божбаннан біреуі өлсе, өліпті де. Сенің нең кетті, — депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу