👈 қаріп өлшемі 👉

  30.08.2021
  73


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Сараң бай әңгімесі

Шаншар елінде бір сараң бай болыпты. Сараң бай үйіне барған адамды жақтырмай, тамақ беруге жоқ екен. Сол елдің үш жігіті «осы сараңға барып, қайтсек те тамақ ішеміз» деп бәстесіп, сараңның үйіне келеді. Үй иесі шал мен кемпір келген қонақтарды жақтырмай отырады.


Келген қонақтардың кетпейтіндігін білгендіктен, олардан тез құтылу үшін шай әкеледі. Бір тәрелкеге бір қасық сары май, бір уыс бидай, шайы болса ақшайлап қалған екен. Содан үш жігітке шай құйып, кесе ұсынды. Содан үш жігіт былай сынайды. Бірінші жігіт:


— Қаймақ құйған қарлығаш шайдан менің жүрегім үркіп тұр, — деп құйған кесесін әйелге ысырады,


Екінші жігіт:


— Тәрелкедегі толтырып салған сары майдан менің жүрегім кілкіп тұр, — деп шай құйған кесесін кемпірге ысырады.


Үшінші жігіт:


— Ат дорбасы толы болмаған соң бытыраған бидайды шашып, менің атым ат дорбасын сілкіп тұр, — деп бидайды ысырып кемпірдің алдына қояды.


Содан үшеуі жата кетеді. Үй иесі еріксіз тамақ асып, оларды аттандырады.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы