Аңыздар ✍️

  30.08.2021
  165


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Саңдық ашты Сарыөзен

Бір күні күйші Сарыөзен деген өзенді бойлай өрлеп келе жатады. Өзен тасып, толқындары төңкеріліп, тынбай тулап, тасқа тигенде қайта қайырылып, сандықтың аузын ашқандай ақтарылып жатады. осы көрініске қызыға қарап келе жатқанда, артынан атпен бір жігіт жақындап:


— Ассалаумағалейкүм! — дейді.


Сыбанқұл үндемей жүре-жүре бір кезеңді асқанда барып жігітке бұрылып:


— Уәликсалам, — депті.


— Ой, ата мен сізге сайдың аяғында сәлем беріп едім, басына келгенде жауап қатқаныңыз қалай? — деп сұрайды жігіт.


Сонда Сыбанқұл күйші:


— Сен, балам, ренжіме. Мен бағанадан бері «Сандық ашты Сарыөзен» деген күй тартып келе жатыр едім, — деп домбырасын қоржынынан алып, сол жерде әлгі күйін тартқан екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу