Аңыздар ✍️

  30.08.2021
  453


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Самұрықтың зары

Ертеде самұрық атты құс болыпты. Оның жан-жануар біткенге қастығы жоқ екен. Бұл өңірге жазда келіп балапандап, балапанын ұшырғаннан кейін, басқа бір өңірге қыстап келуге кетіп қалады екен. Зәулім ағаш басына немесе жақпар тасқа ұялап, әр жылы екі жұмыртқа табады екен. Ол бір жылы шыңырау құздың басына ұя салып екі жұмыртқа басып, онысы балапан болады. Бір күні ұрғашысы да, еркегі де жем іздеп шығып кетіп қайтып келсе, жыртқыш құстың бір балапанын өлтіріп шоқып жеп отырғанын көреді. «Әттеген-ай, уағында жем әкеліп бере алмағанымыздан болды-ау!» — деп қайғыланған самұрық енді жалғызының тілеуін тілеп, оны бағып-қағып ұшатын күйге жеткізеді. Бір күні балапанын ұядан ұшырып шықса, балапаны шыңырау құзға түсіп кетеді. «Енді жалғызым да қарамай кетті-ау!» — деп зарлап, налып мекеніне кетіп қалады. Келесі жылы және келіп ұялап, екі жұмыртқа табады. Бір күні ұрғашысы жұмыртқаны шайнап ұядан ұшып шығып, қасындағы ағаштың саясына қонақтап, ұяға қарап отырса, аспаннан бір қара құс екі аяғын салбыратып ұшып келіп ұяға түседі де, қайта тік ұшып шығып кетеді. Самұрық құс бұған таң қалып, «бұл тегін емес, мұнда бір сыр бар», деп түйеді. Сөйтсе, айтқандай, аспаннан ұшып түскен құс жыртқыш, қасыкөй құс екен. Өзінің бір жұмыртқасын әкеліп, самұрықтың бір жұмыртқасын алып кетеді екен. Мұны білген самұрық балапанына зар жылап қысқы мекеніне қайтады екен. Сол момын құстың зарына зар қосып, «Самұрықтың зары» деп шерткен күй еді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу