28.08.2021
  303


Автор: Иманғали Тасмағамбетов

… Мемлекеттік тілдің қолдану аясын одан әрі кеңейтудің бірден-бір тиімді жолы – мемлекеттік тілді білуді міндетті түрде талап ететін қызметтер мен лауазымдардың тізімін қалыптастыру. Біріншіден, Конституция бойынша Президенттік сайлауға түсетін әрбір үміткер мемлекеттік тілден емтихан тапсырады. Ендеше республикадағы қай қызметкердің де мәртебесі Елбасынікінен жоғары емес. . …Көп мекемелерде, әсіресе, әлеуметтік қызмет көрсету орындарында мемлекеттік тілді білетін мамандар аз. Мұның өзі көптеген отандастарымыздың азаматтық және конституциялық құқықтарын шектеу. Жалпы әр нәрсеге де сұраныс қажеттіліктен туындайтыны анық. Сондықтан бұл бағытта бірқатар нақты іс-шаралар кешенін белгілеп, іс жүзіне асыру кезек күттірмейтін мәселе. Елдің де, Елбасының да талабы осы. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу