27.08.2021
  118


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Не кеңірдек кетті...

Бір тентек адам әруақыт аста, тойда ұрыс-керіс, төбелес шығарып, ойын-сауықтың берекесін кетіреді екен.


Бір тойдың иесі тойын бастардан бұрын әлгі тентекті шақырып алып:


— Азаматым, осы тойда тек жүр: ұрыс-керіс шығарма. Тыныш жүрсең, той тарқаған соң ат мінгізем, шапан кигізем, —  депті.


Тентек оған көніпті, тойда ұрыс-керіс шығармай, тыныш жүріпті. Той тарқаған соң келіп, той иесінен уәде еткен ат, шапанын сұрапты.


Той иесі:


— Ол атың астыңда, шапаның үстіңде. Егер мен тек жүр демесем, сен бұрынғы әдетіңше, ұрсысып, төбелесіп, шапаныңды жыртып, шапансыз қалар едің, атыңды айыпқа берген болар едің, мен айтқан соң тек жүрдің: шапаның бүтін, атың астыңда. Сол менің саған берген ат-шапаным емес пе? — депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу