27.08.2021
  141


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Мұғалімі қандай болса, шәкірттері де сондай

Мұғалім ауырып қалады. Көңіл сұрай келген бір шәкірті оған:



— О, мұғалім мырза, сіз тап қаңғыбас иттей азып кетіпсіз! — дейді.


Мұғалім ренжіп қалады, бірақ үндемейді. Екінші шәкірті келгенде, мұғалім оған мұңын шағып:


— Өкінішті! Қандай заман бұл? Жаңа ғана бір шәкіртім мені итке теңеді! — дейді.


Екінші шәкірті оның көңілін демеу үшін:


— Мырза, сіз ол бөспеге сенбеңіз! Сіз әлі-ақ айығып кетесіз, тіпті шошқадай болып семіріп кетесіз! — дейді.


Мұғалім онан ары өкпелеп қалады, бірақ үндемейді. Кейінірек оған Қожанасыр келеді, мұғалім тағы да мұңын шаға бастайды:


— Құрметті Әпенді, бүгінде халық қалай өзгеріп барады! Бір оқушым мені итке, екіншісі шошқаға теңеді, — дейді ол.


— Уайым жемеңіз, тақсыр! — депті Әпенді тұрып. — Мұғалімі қандай болса, оқушылары да сондай болғаны ғой!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу