27.08.2021
  132


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Молданың күркетауығы

Бір күні Молда базарда тотықұс сатып тұрған адамды көріп:


— Бұл не? — деп сұрайды.


— Тотықұс, — дейді ол


— Бағасы қанша?


— Елу сом, — дейді сатушы.


Молда үндеместен үйіне келеді де, күркетауықты ұстап алып, базарға апарады.


— Молдеке, күркетауығыңа қанша сұрайсың?


— Бес жүз сом, — дейді молда.


— Әй, Молдеке, — дейді оған, — есің дұрыс па? Күркетауықтың бес жүз сом тұрғанын қайдан көріп едің? Молда тотықұсты сатушыны нұсқап:


— Анау кішкентай құсты елу сомға сатып тұр, ал сендер оған ештеңе демейсіңдер. Мен тұтас бір қоймен тең күркетауықты бес жүз сомға бағаласам, сендер маған дау соғасыңдар. Күркетауық ана тотықұстан отыз есе үлкен емес пе?


— Солай, ғой, бірақ анау тотықұс қой!


— Тотықұс болса, қайтеміз? Ал бұл күркетауық!


— Тотықұс адамша сөйлейді ғой!


Молда осы жерде жеңілгенін біледі де:


— Сонда тұрған не бар екен, ол сөйлесе, бұл үндемейді. Ал сендер, құдайға шүкір, ересек адамсыңдар, көп сөз — күміс, үндемеу — алтын екенін білулерің керек қой, — деген екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу