27.08.2021
  126


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Молданың әдеті

Бір молда суға ағып барады екен. Шығарып ала қоймақ боп, біреу жүгіріп барып, оған:


— О, молдаеке, қолыңды бер! Қолыңды бер! — дейді. Молда қолын берудің орнына кейін шегіне береді. Суға батып, бір шығып, тіпті су түбіне кетуге айналады. Молданың әдеті беру емес, алу екенін жақсы білетін біреу:


— Молдеке, мә, мә! — деп қолын соза қояды. Сонда молда ілгері ыршына ұмтылып, ұсынған қолдан шап беріп ұстай алыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу