27.08.2021
  85


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Молда баққанша, өгіз бақ...

Қара Жүсіптің бір ауқатты, өз алдына мешіт ұстаған жақын ағайыны қайтыс болады. Қырқы өткенше болсын деп, туыстары тоғыз молданы бірдей алып қалса керек. Молдаларды күту қамы Қара Жүсіпке тапсырылады.


Ескі салт бойынша, үлкендердің маңайынан әйелдер жүрмейді ғой. Шай құйып, ет тарту, не керек бар жұмысты Қара Жүсіп атқаруына тура келеді. Ұйқы мен күлкі көрмей бір жетіге әзер шыдаған ол, сегізінші күні қашып шығады. Сонда ауыл ақсақалдары кездесіп қалып:


— Жүсіп, ертелетіп қайда барасың, күтіп жатқан кісілерің бар емес пе? — дейді. Сонда Қара Жүсіп:


— Қарыны қабақтай тоғыз молда баққанша, мүйізі шаңырақтай тоқсан өгіз баққаным әлдеқайда жақсы екен. Әуре боп мені іздемей-ақ қойсын, қашып барамын, — деп кете барыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу