Аңыздар ✍️

  27.08.2021
  98


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Майдажал

Ертеде бір бай болыпты, байдың мыңғырған көп жылқысының ішінен не жорға, не жүйрік шықпапты. Содан ақ ордасын жайлауға тігіп қойып, қалың құлынды үйге келер жолды айналдыра желі тартып бие байлапты. Оның ойы: «Келе жатқан сыншылар, құлындарды сынап өтіп үйге келгенде, өз сынын айтады» деген үміт. Сөйтіп жүргенде бір сыншы бала құлындарды жағалап келе жатып, бір құлынды екі-үш айналып шығып әрі қарап, бері қарап, сәлем беріп үйге кіреді. Сонда бай: «Сен бір құлынға ұзақ қарадың ғой, жүйрік пе, әлде жорға ма?» — деп сұрапты. Сонда бала: «Жүйрік шығады» деген екен. «Олай болса, сол құлынды сен өзің бағып-бапта» депті бай балаға.


Бала өзі баптап өсірген құлынын, ат болғанда үлкен бір тойдағы ат жарысқа қосыпты, аты сол бәйгеден жеке-дара озып келген екен. Шапқанда аттың сұйық жалы желге желкілдеп келе жатса керек, сол атқа арнап сыбызғышылар күй шығарып, атын «Майдажал» қойған деседі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу