26.08.2021
  105


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қыдырма

Баяғыда біреу қыдырып тамақ ішуге әбден құнығып алып, ауылдағы ет асқан үйді аңдып жүреді екен. Ауыл онан әбден ығыр болады. Бір күні бәрі уәделесіп, астарын бір кезде асып, бір кезде түсіреді. Сонда халін сұраған біреуге қыдырмашы:


— Халдің несін сұрайсың. Бүгін екі үйдің еті бірдей пісіп, қайсысына барарымды білмей сасып жүрмін, — депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу