👈 қаріп өлшемі 👉

  26.08.2021
  57


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Құрма екен деп...

Ел адамдары ара қоналқы жерден қажыларды қарсы алады. Қажылардан «тәбәрік» деп алған құрмаларын Жұмабек бір дорбаға салып жинайды, ешкімге бермейді, шана үстінде бүркеніп отырып өзі аған жейді.


Жұмабекті тәлкек етіп, қайтер екен деген замандастары өткен түнде қонған ауылда оның құрмаларын алып, дорбасына түйенің қатқан құмалақтарын салып қойған екен. Оны Жұмабек сезбейді, жолшыбай анда-санда біреуін аузына салып, шайнай береді.


Замандастық қалжың құпиясы ашылады. Сараңдығынан соққы көрген аңқау Жұмабек ұялғаннан: «Құрма екен деп...» құрма орнына нәжіс жегенін мойындапты.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы