Аңыздар ✍️

  26.08.2021
  104


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қоңыр ала

Түркештің тұсында Жолдыбай деген кедей болыпты. Жолдыбайдың мал дегенде, маңдайына біткен жалғыз қоңыр ала аты бар екен. Ол шапса, алдына қара салмайтын жүйрік болса керек. Талай ат шабыс бәйгісінің жүлдесін жеңіп алыпты. Бұған іштері күйген байлар мен билер, қалай да осы атты өздерінің қолдарына түсіруге, тіпті болмаған күнде Қоңыр аланың көзін құртуға тырысады. Жолдыбайдан қолқа салып Қоңыр аланы сұрайды. Бірақ Жолдыбай оған көнбейді. Ақыры болмайтынын білген соң, би өзінің шабармандарына:


— Қоңыр аланы ұстап алып келіңдер! — деп бұйырады. Шабармандар жайылыста жүрген Қоңыр аланы жан-жақтан қоршап ұстамақшы болады. Бұл келгендердің бөтен адамдар екенін сезген Қоңыр ала қоршаудың бір шетінен бұзып өтіп, ауылға қарай қашады...


Қуғанмен ұстатпайтынын сезген шабармандар Қоңыр аланы атып мертіктіреді. Жануар жаралы жанын қинай-қинай қуғыншылардың қолына түспей, үйіне жетеді. Атының аянышты халін көрген Жолдыбай маңдайына біткен қимас жалғыз атының мерт болғанына қатты қайғырады. Өзіне қастандық ойлаған билерге лағынет айтады.


Жолдыбайдың осы жағдайын көрген Түркеш «Қапыда кеткен қайран, қоңырым-ай» деп, «Қоңыр ала» атты күй шығарады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу