26.08.2021
  219


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожанасырдың манты жегісі келіп...

Бір күні Қожанасырдың манты жегісі келіп әйеліне:


— Бүгін бір манты жасашы, — депті.


Әйелі:


— Үйде ет жоқ, неден жасаймын? — дегенде, Қожанасыр:


— Онда мен асханаға барып манты жеуге кеттім, — деп жүріп кетіпті.


Асханаға келіп манты алып жеп отырып, өзінен-өзі біреуді сөгіп, балағаттай бастапты.


Оны есітіп тұрған аспаз:


— Қожеке, кімді сөгіп отырсыз? — депті.


Оған Қожанасыр:


— Манты жаса десем, әйелім «үйде ет жоқ, мантыны неден жасаймын?» деп, манты пісірген жоқ еді. Мантыны пияздан да жасаса болар екен ғой деп әйелімді сөгіп отырмын, — деген екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу