26.08.2021
  142


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожанасыр мен сараң бай

Қожанасыр бір сараң байға жалданды. Екі, үш, тіптен төрт, бес айға дейін еңбекақысын ала алмады. Енді мүлде кетпекші болып ақысын сұрап еді, сараң бай:


— Базардан барып бір ойбай мен бір байбай сатып әкелсең, ақыңды төлеймін, — деп бірер теңге ақша ғана беріпті.


— Мақұл, — депті Қожа. Сараң саудагердің қорасынан шығып кетіп, базардан бір жылан, бір қара құрт сатып алып келіпті. Мұны білмеген сараң саудагер бір қалтаның ішіне қолын тығып көрсе, қара құрт шағып алыпты. Бай шыдай алмай «ойбай» деп жантая кетіпті. Сол кезде Қожанасыр:


— Байбайы мына қалтада, байеке, қане ертерек ақымды төлеңіз, — депті қолын созып.


— Ойбайы да жетті, мә, ақыңды ал да, құры! — депті. Ақысы қолына тиген Қожанасыр қаттырақ дауыстап:


— Сазайын тарттырмасаң, бұл малғұндар сандалта береді, — депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу