26.08.2021
  120


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожанасыр мен кемпірінің рестораннан тамақ ішуі

Қожанасыр, кемпірі — екеуі қарны ашқан соң ресторанға кіріп, тамақ ішеді. Екеуі бір столда тамақтанып отырса «лавровый листке» (иіс жапырақ) көзі түсіп қалады.


Қожанасырдың кемпірі:


— Шал, бұл не? — депті.


Сол кезде официантка келіп қалыпты. Қожанасыр официанткадан жапырақты көрсетіп:


— Бұл не? — деп сұрапты.


Официантка:


— Лавровый лист, — деп жылдам айтып, кетіп қалыпты.


Түкке түсінбеген Қожекең аңырайып отырып қалыпты. Сонда кемпірі тұрып:


— Әй, шал, анау не деп кетті? — депті.


Қожанасыр:


— Дабырламай іш! — деп кетті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу