26.08.2021
  84


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожанасыр мен дәруіш

Бір ретте міскін дәруіш Қожанасырды тоқтатып алып, оның атына мақтау өлең айтады. Өлең біткен соң Қожекең кете бермек болған екен, дәруіш оның шаужайына жармасып:


— Қожеке, менің ақымды төле, — дейді.


— Ертең кел, — деп Қожекең кете беріпті. Ертесіне дәруіш оны базарда кезіктіріп, жабыса кетеді.


— Ақшамды бер, — дейді ол.


— Қайдағы ақша? — дейді Қожекең.


— Кеше уәде еткен жоқ па ең? Мен сені мақтап өлең айттым.


— Сен маған ешқандай бұйым берген жоқсың ба? — дейді Қожекең.


— Жоқ, берген жоқпын, — дейді дәруіш.


— Е, — депті Қожанасыр кеңкілдей күліп.


— Екеуіміз де оттаған екенбіз. Бір-бірімізге қарыз емеспіз, — депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу