26.08.2021
  256


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожа мен моншашылар

Бірде Қожанасыр моншаға түседі. Моншашылар оған ескі сүлгі, ескі жөке беріп, селқос қызмет көрсетеді. Қожа оларға ештеңе демейді, тек моншадан шығып бара жатқаңда, айна алдына он теңге қояды. Мұндай ақшаны ол кезде тек өте бай адамдар ғана береді екен. Моншашылар аң-таң болады.


Келесі аптада Қожанасыр моншаға тағы келеді. Моншашылар зор құрметпен барлық жағдайын жасап, асты-үстіне түседі. Қожа бұл жолы да ләм-мим демейді, тек шығып бара жатып, айнаға бір теңге қалдырыпты. Моншашылар онан әрмен таңданады.


— Мұны қалай түсінсек екен? — дейді олар.


Қожанасыр:


— Бір теңге өткен аптадағы монша үшін, ал өткен жолы төлеген он теңге бүгінгі монша үшін, — деген екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу