26.08.2021
  411


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожа мен кемешілер

Бір күні Қожа кемешілердің қасына келеді, лаулап жанып жатқан отты көріп, Қожа:


— Бұларың не? — деп сұрайды.


— Қарамай қайнатып жатырмыз, қарамай жағып, кеменің тесік-саңлауларын бітейміз, сонда кеме шапшаң жүзетін болады, — дейді кемешілер.


Қожа үйіне қайтып келген соң, от жағып, қарамай қайнатады.


Есегінің аяғын тұсап қойып, бір қарамайлы шаланы апарып аяғына тигізуі мұң-аң екен, есегі тулап-тулап тұсауды үзіп, қашып кетеді.


Сонда Қожа:


— Қап, патшағардың қарамайды жақтырмай-ақ, құйынша ұшып кетуін қарашы, — депті




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу