26.08.2021
  106


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожа қытықшыл болса керек

Бірде Ақсақ Темір Қожаны сынамақ болып, жендеттеріне:


— Мынаны дереу дарға асыңдар, — деп бұйырады. Жендеттер ай-шай жоқ, Қожаны бас салып, есікке қарай сүйрете жөнеледі. Есіктен шығара бергенде, тоқтатып:


— Дәмің таусылуға тақады, қандай аманат-өсиетің бар, айт, — дейді Темір.


— Пәлендей айтар аманатым жоқ, жай бір бұйымтайым бар.


— О неткен бұйымтай?


Сонда Қожа ешбір қиналмастан, табиғатына біткен сабырлықты сақтап:


— Мойныма бір нәрсе тисе, қытығым келетін әдетім бар. Сондықтан дарға мойнымнан астырмай, белімнен астырсаң қайтеді, — депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу