26.08.2021
  136


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожа дүкеншіні қалай алдады

Бірде Қожа көкөніс сататын дүкеннің жанынан өтіп бара жатса, дүкен иесі қарызды есіне салады. Қожа:


— Ал, кәне, кітабыңа қарашы, менің қарызым қанша екен? — дейді.


Осы сөзімен дүкеншіні дәмелендіріп тастайды, бірақ өзі бұл сатушыны қайтсем екен деп ойланады. Дүкенші есептеп жатқанда, Қожа да бірге санай бастайды. Қожаның отыз бір сом, ал имамның жиырма алты сом қарыз екенін көреді олар.


Сонда Қожа дүкеншіге:


— Міне, қара, менде отыз бір сом, ал имам жиырма алты сом қарыз. Біз екеуміз жан қиыспас доспыз, мына жиырма алты сомды алып тастасақ, бес сом қалады, солай ма? Бұл бес сомды маған бересің, сонда бұл екі қожаның қарызы өтеледі. Дүкенші екі бірдей қарыздар адамынан құтылғандай болып қуанып кетеді. Мәз болып Қожаға тағы да бес сом беріп, жол болсын айтады. Жалғыз өзі қалғанда ары ойлап, бері ойлап, мына шатысқан есептің шетіне шыға алмай, ештеңені ұға алмай басы қатады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу