26.08.2021
  161


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожа әйелінің ұрлығын әшкере етеді

Қожа үш қадақ ет сатып алып, үйіне әкеп тастайды да, басқа бір шаруасына кетеді. Қожаның әйелі өзінің бір абысынын шақырып кеп, еттен жақсы тамақ істеп береді. Қожа келгенде, әйелі алдына суға істелген қара көже қояды.


Еттен тамақ істеуге қолың тимесе, осы талқан көженің ішіне ет турамшылап салып жіберу есіңе келмеді ме? — дейді Қожа.



— Өзім де сөйтейін деп едім, мен ана жақта бірдеңеге айналып жүргенімде, әлгі сенің ерке мысығың етті жеп қойыпты. Келсем, тыңқиып алып, мұртын жалап тұр, — дейді әйелі.


Қожа табанда таразыны құрып жіберіп, пештің қуысында жатқан мысықты әкеліп өлшегенде, мысық небәрі үш-ақ қадақ тартады.


Сонда Қожа әйеліне:


— О, ұятсыз! Мынау үш қадақ ет болса, мысық қайда? Ал, үш қадақ тартып тұрған мысықтың өзі болса, ет қайда? — депті.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу