26.08.2021
  98


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожа әйелін босандыруға көмектеседі

Қожаның әйелінің босанатын күні жетеді. Екі күндей толғатып, босана алмаса керек. Басқа істер амалы қалмай, сасқан көрші әйелдер Қожаға келіп:


— Білетін дұғаң болса, оқысаңшы, не басқа бір амал істесеңші, отырасың ба осылай қарап, — дейді.


— Саспаңдар, тез босандыратын айланы мен өзім білем, — деп Қожа, бақалшыға барып, бір қадақ жаңғақ сатып әкеледі.


Сонсоң әйелі жатқан тесектің үстіне жаңғақты шашып тастап:


— Енді қара да тұрыңдар, жаңғақты көрген соң, қызығып кетіп, баланың өзі-ақ шыға келеді, — депті Қожа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу