26.08.2021
  413


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожа Ахмет өлер алдында

Қожа Ахмет өлер алдында отбасына, туыстарына: «Мен пәлен уақытта дүние саламын. Мені оң жаққа қойғаннан кейін денем суымай тұрғанда, бір қара бура мінген кісі келіп, мені мәңгі жататын орныма ақ жуып, арулап қояды. Мені алып бара жатқанда «Қайда алып барасыз?» деп оның қолын қақпаңдар!» — деп ескертіпті.

Айтқандай-ақ Қожа Ахмет көзін жұмысымен, қара бура мініп келген бір кісі оның мүрдесін алып кетеді. Содан бастап ол кісіні Қарабура әзі деп атаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу