26.08.2021
  215


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қашан келейін?

Қожекең бірде бояу шеберханасын ашады. Шеберханаға келіп-кетіп жатқандардың бірі Қожекеңді мұқатпақ болып:


— Қожеке, мына бір затты ешкім естімеген, ешкім көрмеген, қызыл да емес, ақ та емес, көк те емес, сары да емес, жасыл да емес, қоңыр да емес, сұр да емес бір түске бояп берші, — дейді.


Қожанасыр оның кекесінін түсіне қояды:


— Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет.


— Қашан келейін? — дейді анау, қулығын асырдым деп мәз болып.


— Қашан келсең де өз еркің. Бірақ сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі де, жексенбі де болмасын, — дейді сонда Қожанасыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу