26.08.2021
  171


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қарны ашқан жолаушы

Бір қарт жолаушылап келе жатып, қарны ашып, жан қалтасындағы тарыдан бір уысын ауызына салғанда, алдындағы бұрылмадан бір жігіт шыға келіп:


— Ассалаумағалейкум, — деп қолын ұсыныпты. Тарыны жұта алмаған қарт сасқалақтап, жан қалтасынан бір уыс тарыны алып жігіттің қолына сала салыпты. Жігіттің де қарны ашып келе жатса керек, уысындағы тарыны ауызына құя салыпты.


Қарт осы аралықта тарыны жұтып үлгеріп:


— Уағалейкумассалам, інішек жақсы ма? — деп жөпелдеме амандасыпты, тарыны жұта алмай қалған жігіт қылғынып тіл қата алмапты. Сонда қарт:


— Ой, сен өзің мылқаумысың? — деп атын қамшылап жүріп кетіпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу