26.08.2021
  121


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қапан кедейдің тапқырлығы

Құсайын деген болыс ел аралап жүріп Қапан кедейдің үйіне келеді. Қапан алдынан шығып, болысқа сәлем беріп, атынан түсіріп алады. Сонда болыс:


— Қуым, бүгін арам ет жегізер ме екенсің? — дейді.


Қапан:


— Мырза, арам демей-ақ, бұйырған адал асты алдыңа тартамыз.


Қонақ жайғасқан соң Қапан соятын малдың ретін таба алмай, қатты қиналады. Өзіндегі жалғыз аты мен сиыры ұрлықпен келген мал. «Қой, нағыз адал мал осы болар» деп, болыстың құла жорғасын жайратып тастайды. Оны сезген болысекең жоқ.

Қапан:


— Қолдан өсірген адал мал. Бата қылып, тамақ алыңыз, — дейді өтініп.


Ертеңінде Болысқа өзінің қарақұла атын ерттеп қояды. Құсайын аттанбақшы болып сыртқа шықса, бөтен ат ерттеулі тұр. Қапанның тақырға отырғызғанын сонда барып білді. «Қап, сені ме?» деп болыс тістеніп аттанады.














Реклама






















Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу