Аңыздар ✍️

  26.08.2021
  109


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қамбархан

Баяғыда елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған Қамбархан деген бір аңшы жігіт болыпты. Қамбархан бір күні атып алған аңын сойып болып, ішегін ағаш басына қарай лақтырып жіберсе, шұбатылған күйі бір бұтақтан бір бұтаққа ілініп қалыпты.


Күндердің күнінде Қамбархан әлгі жерден өтіп бара жатса, құлағына ерекше бір жағымды әуен, құйқылжыған үн, үзілмейтін сарын естіледі. Жан-жағына қараса, бір бұтақтан бір бұтаққа керіліп қалған қос ішекті көреді. Жел соқса, ішек ызыңдап қоя береді екен. Қамбархан әлгі ағашты кесіп алып, шауып, жонып, домбыра жасапты да, күй шертіпті. Қамбарханның бұл жаңалығы бүкіл қазаққа аңыз болып таралыпты.


Осы аңыз желісіне Қожеке «Қамбархан» атты күй шығарған. Оның бізге бірнеше нұсқасы жеткен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу