Аңыздар ✍️

  25.08.2021
  471


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қазыбектің қалмақ еліне үшінші сапары

Осы бітімнен қайтып келе сала Қазыбек елін Сарыарқаға көшіріп бұл жерді атамекендік қоныс етеді. Бірақ әлі де ол қонысқа көшіп болмаған елдің соңғы бөлегін, соңдай-ақ Қазыбекке ниеттес Кіші жүздің бір бөлегін Қоңтәжі тағы шаптырып алады. Қазыбекке шабылған елден хабаршы келеді. Сонымен Қазыбек тағы да қалмаққа тартады. Би бұл жолы Қоңтәжінің алдына кісескен серт қойып, мұндай шабыншылық ендігіәрі қайталамайтындай етуге, немесе біржола бітіспесктен кетуге беттеп, аттанады.


«Көрген жерде көке бар» дегендей Қоңтәжінің ордасына таяп келгенде, өткелде тұрған бір жастау қыз Қазыбектің қайда бара жатқан жөнін сұрапты. Қазыбек қызға Қоңтәжі ханға елшілікпен бара жатқанын айтыпты. Қыз оған:


— Елші болсаң, қазақтың Қазыбегі боларсың, есебің бітсе, мені де еске аларсың, — депті.


Қазыбек Қоңтәжінің ордасына түсіп:


— О, хан, сен ел шабуды қоймадың, мен елшілікке келуден танбадым.


Қоңтәжі бұған:


— Қазыбек би, дұрыс айтасың. Сенің қаршадай он төрт жасар күнінде тайсалмай тұрып айтқан сөздеріңді есітіп: «шіркін-ай, мынадан бір тұқым алар ма еді?» деп ойладым. Содан барып Қазымбеттей ұлыңды алдырдым. Бірақ сен келіп: «ерімнің өзі қайтпай тұрып, бітім етпеймін!» дедің. Не, бізге тіліңді кесіп тастап кетпедің. Содан кейін менен іргеңді аулақ салып, әрі көштің. Сені қайта бір келтіру үшін
мен артта қалған еліңді шаптырып алдым. Ендігі сөздің турасы — сенімен достасуға құмармын.


— «Даудың артын қыз бітейді, судың артын шымыр бітейді» деуші еді. Сондықтан не қыз ал, не қыз бер. Қыз берсең, алайын, — дейді.


Хан Қазыбектен:


— Ұлың нешеу еді? — деп сұрайды.


Қазыбек:


— Бір жарым ұлым бар, — деп жауап береді.


Хан бұған таңданып:


— Бір жарымы қалай? Сендер дығырдай бес ұл бар деп еститін едім, — дейді.


Би:


— Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ, аты — Бекболат. Жауға қарсы қоятын бір ұлым бар, аты — Сырымбет. Оны жартыға есептедім. Ал мал мен қатынға ғана ие болатын үшеуін есепке алып жүргенім жоқ, — деп Қоңтәжіге қарапты.


Қоңтәжі өз қызын Бекболатқа қосуды өтініпті. Сонымен шабыншылық тоқтамаған екен деседі. Қазыбек осы сапарында хан ордасына бара жатқан [да] жолыққан жас қызды ала келіп: «осыны тәрбиеле» деп оны да Бекболаттың қолына тапсырыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу