Өлеңдер ✍️

  24.08.2021
  748


Сексен жасқа атама тілек

Асу-асу бел десем, айтқан сөзім жетер ме?!
Айдын-шалқар көл десем, айтқан сөзім жетер ме?!
Аспанды алты айналсам, Жерді жеті айналсам,
Теңеу таба алам ба, теңдесі жоқ әкеме!


Жалғыз едің, ұрпағың орман болды, жан әке!
Бақ ұялап іргеңе, арман қонды, жан әке!
Еркелеттің, тербеттің, қиындықсыз ер жеттік,
Өнеге ғып бір өзің салған жолды, жан әке!


Ұшырғанда демеген асқар тауым, жан әке!
Қысылғанда жебеген басты арқауым, жан әке!
Кемелдік пен тереңдік, даналықтың мезгілі –
Сексен атты сеңгірден асқан шағың, жан әке!


Жоқтатпадың ешқашан анамызды, жан әке!
Сендей әке жалғанда табамыз ба, жан әке!
Баршамызға ақылшы, Әке, Ата боп әрдайым
Аман-есен жүре бер арамызда, жан әке!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу