Аңыздар ✍️

  24.08.2021
  122


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Кербез сылқым

Әйми сұлу басы Таласта тұрғанда, менің бұрынғы күйеуімнің руында мені әменгерлікке аларлықтай жігіт туған жоқ деп қарысады.


Ал Бейсенбі ел намысын өз намысым деп біледі. Ол кезде жесір кету ел-жұрт үшін үлкен қорлық саналады. «Осы ғұрлы өңмеңдейтін, жесірің кетті ме» дейтін сөздер де бар. Әймидің керейде мені алатын жігіт жоқ деуі білген адамға намыс қозғайтын іс еді. Бұған шыдамаған Бейсенбі: «Он бірінен ассаң да, он екісінен аса алмайсың» деп қалады. Осыны аңдып отырған сұңғыла әйел: «Он екі керейдің қай бегзатын танимын. Көз алдымда өзіңіз тұрсыз, сізге мақұлмын, сіз мақұлдық берсеңіз, басымды ашам», — деп күшейді. осы кезде қиналыста қалған Бейсенбі қасындағы жолдасы Мыңжанға: «Кербез сылқымға сөз ұстатып алғаным-ай!» — деп өкінді. Мыңжан: «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды, он екі керей кеңесінде болады» деп ақыл берді. Кейін Әйми Бейсенбіге аяулы жар болып, ел қадіріне бөленген кезде, Мыңжан би: «әуелгі сөз рахым деген, кербез сылқым көңіліңізден, домбыраңыздан ұмыт қалмасын», — деп ескертті. Жақсы жардың жағымды қылығы, нәзік сезімі «Кербез сылқым» күйін тудырып, біздің заманға ұрпақ жалғады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу