24.08.2021
  202


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ірігеннің аузынан шіріген сөз шығады

Бұрынғы Атбасар уезі территориясында Қарсақбай аймағындағы қалың Найман ішінде Қоқан әулетінде Құдайменде дейтін ғани адам болыпты. Мол дәулетке мастанып, дандайсыған ол аузына келгенін айтып, лепіріп соға береді екен. Оның бейпіл ауыздығы өз еліне ғана емес, сыртқы елдерге де әшкере болыпты. Бірде, кешкі мезгілде Құдайменде өз ауылының сыртында тұрады. Ат-тұрманы, киімі көркем төрт-бес бейтаныс адам келіп, байға сәлемдеседі, қонуға рұқсат сұрайды.



— Күн кешейді, қонғыларың келсе, қоныңдар. Жейтін боғың, ішетін сідігің даяр, — дейді бейпіл ауыз бай.


Бұлар Құдаймендінің кім екенін білмейтін, оның әдепсіз сөзін естімеген жолаушылар ғой, мұның арам тамағын ішіп- жей алмаспыз дейді де жөніне жүре бастайды.


— Ей, меймандар! — дейді Құдайменде оларды тоқтатып, — Бүгін, ертең, одан арғы күні қонып, түстенетін үйлеріңнің қазаны, аяқ-табағы құрысын, барыңдар, — деп қолын бір-ақ сермейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу