24.08.2021
  314


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жусанда туған жердің иісі бар

Баяғы заманда қазақтың Бейбарыс деген ұлын соғысқан елдің адамдары ұстап алып, құлдыққа сатып жіберіпті. Бейбарыс бүкіл өмірін Мысыр елінде өткізіпті. Қайдан келгенін есіне түсіре алмапты.


Бейбарыс уақыт өте келе өзінің мықтылығының арқасында әскербасы болып, кейін елді басқарған патша болыпты. Оның Бейбарыс деген атына Сұлтан деген атақ қосылған. Бір күні Бейбарыс сұлтан серуендеп жүріп, өсіп тұрған жусанға көзі түсіпті. Әлгі жусанды жұлып алып иіскейді. Сөйтсе, жусанның иісі Бейбарыс сұлтанға туған жерін есіне түсіріпті. Содан бастап қазақта «Жусанда туған жердің иісі бар» деген сөз қалыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу