Аңыздар ✍️

  24.08.2021
  280


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жорға аю (ІІІ нұсқа)

Ертеде бір аңшы аю аулауға тауға кеткенде, кішкене баласы әкесінің артынан ілесіп қалмайды, әкесі ол баланы аңғармайды. Қалың тоғайға кірген соң, бала әкесінің қарасынан көз жазып, жолдан адасып, жалғыз өзі беті ауған жағына жүре береді. Осы уақытта ол балаға аю шабуыл жасап, өлтіреді де, оны жерге көміп жатады. Бір кезде осы аюдың ізіне түскен аңшы, баласын жайғастырып көмгелі жатқан азулы аңның үстінен
шығады. Аңшы аюды атады, бірақ оқ аюдың бір аяғына тиеді. Жараланған аю үш аяғымен қашады. Аюдың сондағы шабысы жорғаның жүрісін елестетеді. Екінші рет атқанда аюды құлатады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу