Аңыздар ✍️

  24.08.2021
  178


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жорға аю (ІІ нұсқа)

Бір аю аралға апан салған екен. Бірде ол қонжықтарына жем іздеп тауға шығып кетіпті. Сол уақытта нөсер жаңбыр жауып, сел жүреді. Тасқын су аюдың апанын құлатып, күшіктерін шайып әкетеді. Судың бетінде қалқып кетіп бара жатқан қонжықтарын көрген аю таудан жорғалап түсіп, оларды құтқарып алып қалады. Содан аю жорға боп шыққан екен дейді.


Бұл күй сондағы аюдың жүрісін бейнелейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу